Басты бет

Енгізілді: 10.12.2021Қаралғаны: 29 рет
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

 

 

 
Бүгін колледждің "Әлеуметтік-экономикалық пәндер" бірлестігінің ұйымдастыруымен республикалық "Кәсіптік және техникалық білім беретін" оқу орындарының студенттері арасында Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты республикалық ғылыми-теориялық онлайн конференция болды.
Конференцияға республикамыздан 20 шақты студент өз баяндамаларымен онлайн түрде қатысты.
Конференцияның мақсаты -Ел тәуелсіздігі жылдарындағы тарихымыздың көкейтесті мәселелерін, маңызды тарихи фактілер мен оқиғаларды, тарихи тұлғалардың рөлін, кәсіптік білімнің өркениеттілігін жас ұрпаққа насихаттау.
Конференция нәтижесімен 1-орынды Серікқалиева Алина-Семей медициналық колледжінің студенті, Акбар Айару-Қызылорда медициналық жоғары колледж студенті алды. 2- орынды Жалғасбай Ұлдана-Болашақ медициналық жоғары колледж студенті, Сатимов Закриолла-Павлодар жоғары медициналық колледж студенті, Оразбек Анел алды, 3 орынды Төлешова Меруерт-Қызылорда медициналық жоғары колледж студенті, Рүстем Самал- Мейр-БЕйс жоғары колледж студенті, Сейдіш Нүргүл-Жамбыл медициналық жоғары колледж студенттері алды. басқа да қатысушыларға Алғыс хаттар мен номинациялар табысталды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға алдағы уақыттарда да сәттілік тілейміз!
Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER