Басты бет

Енгізілді: 16.12.2021Қаралғаны: 36 рет
"ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 30 ЖЫЛЫ"

 

 

 

"ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 30 ЖЫЛЫ"
Облыс әкімінің орынбасары Б.М.Шәменованың тапсырмасымен мемлекеттік қызметшілердің "ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 30 ЖЫЛЫ" тақырыбында қаладағы колледждерде дәріс оқу кестесі бекітілген болатын. Кесте бойынша біздің колледжімізге Шәменова Балжан Мөрәліқызының өзі келіп студенттер мен оқытушыларға Тәуелсіздік тарихы турасында тағылымды дәріс айтты. Аймағымыздағы медициналық қызметтердің жетістіктері мен атқарылып жатқан және алдағы уақыттағы халық денсаулығын нығайту бойынша перспективалық жоспарларды болашақ мамандар ден қоя тыңдады.
Студенттер тарапынан облыс әкімінің орынбасарына сұрақтар болды. Балжан Мөрәліқызы студенттерге сәттілік тілей отырып, өз сөзін "..тек білім, білім мен ізденіс қана алға жетелейді" деп аяқтады.
Кездесу соңында колледж директоры Салтанат Сейтқалиқызы Тасмағанбетова қонаққа құнды дәрісі мен еркін сұқбаты үшін алғыс білдірді.
Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER